Текст
2018 жылғы 19-24 ақпан аралығында Көкшетау қ. Балалар көркемсурет мектебінде жылсайынғы «Мұғалімдер шеберлігінің апталығы» жобасы өткізілді. Алты мұғалім бейнелеу өнері мен сәндік-қолданбалы өнер бойынша ашық сабақ өткізді. Сабаққа жас ерекшелігіне қарамастан, келем деушілердің бәрі қатыса алды. Жобаның ең жас қатысушысы 4 жастағы бала болды. Жобаға 20-дан астам қатысушы қатысты. Шеберлік сыныптарын өткізу туралы барлық ақпарат әлеуметтік желідегі аккаунттарда ұсынылды, бұл сабаққа виртуалды қатысуға мүмкіндік берді.