Текст
Ақпан айының жетісі күні көркемсурет мектебінің 2 «Ә» курс оқушылары Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының ұйымдастыруымен өткен шеберлік сабағына қатысты. Қолөнер шебері Смағұл Кенжебай «ши тоқу» өнерінің тарихымен,оның әдіс-тәсілдерімен таныстырып, өзінің жұмыстарын ұсынды. Балалар қызығушылықпен жұмыс жасады, ұлттық қолөнер түрінің қыр-сырын меңгерді. Шеберлік сыныбынан
кейін Достық үйінің көрме залын тамашалап, түрлі қолөнер туындыларымен танысты.