2018 жылғы 8 ақпанда «Бояулар құпиясы» жас суретшілердің Қалалық байқауы
басталады. Байқауға қатысу үшін 10-17
жастағы оқушыларды шақырамыз. Әр білім беру ұйымынан кем дегенде 15 адам
қатысады.
Байқаудың 1 кезеңіндегі ТАҚЫРЫПТАРЫ
1) Классикалық кескіндеме;
2) Аванград және эксперименталды кескіндеме;
3) «Менің Отаным» (еркін тақырып).
Байқауға жеке жұмыстар қабылданады (әрбір номинация
бойынша 1 жұмыс). Жұмыстар кенепте, қағазда немесе картонда орындалады.
Суреттер кез-келген техникамен (акварель, гуашь, пастель, май, сия және басқа
материалдар) орындалады. Жаңаша әдіспен
орындалған жұмыстар да қабылданады.
Жұмыстың кіші көлемі: 30х40 см, бірақ 55х65 см-ден артық
емес (безендіруді есептемегенде 9). Барлық жұмыстарға қол қойылады және 12 см x
4,5 см көлемінде суреттемелі этикеткасы болады.
2 кезеңжас
суретшілердің ішкі сайысы
1) «Коллаж» номинациясы. Қатысушылар түсі және фактурасы бойыншаерекшеленетін
қандай да бір негізге заттарды, материалдарды жабыстыру арқылы кез-келген
материалда (қатты қағаз, қағаз, кенеп) картина жасайды. Жұмысқа атау береді.
Жұмыстың ең кіші көлемі: 30х40 см, бірақ
55х65 см-ден артық емес. Жұмысты орындауға 2,5-тен 3 сағатқа дейін уақыт
беріледі.
2) «Бояулар құпиясы» номинациясы. Байқау
жұмыстары кез-келген техникада – кескіндеме, акварель, гуашь, аралас техника,
кез-келгенжанрда –натюрморт, портрет, пейзаж орындалуы мүмкін. Орындалғанжұмысқа атау беріледі.
Жұмыстың ең кіші көлемі: 30х40 см, бірақ
55х65 см-ден артық емес. Жұмысты орындауға 2,5-тан 3 сағатқа дейін уақыт
беріледі.
3) «Сүйікті кітаптардың иллюстрациясы»
номинациясы. Бұл номинациядағы жұмыстар кез-келген жанрда (ертегі,
шайқас, тұрмыстық және т.б.) графика техникасында (акварель, пастель, гельдік
қалам, түсті қарындаштар, аралас техникада), түрлі жанрда – (ертегілік, соғыс,
тұрмыстық т.б) орындалады.
Жұмыстың ең кіші көлемі: 30х40 см, бірақ
55х65 см-ден артық емес. Жұмысты орындауға 2,5-тан 3 сағатқа дейін уақыт
беріледі.
Қатысушылар осы Байқауға қатысу үшін
материалдар мен құралдарды өздері алып келеді. Білім беру ұйымдары әр номинация бойынша мектептен қатысушыларды ұсыну
керек. БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУ ҮШІН goovospitanie@mail.ruэлектрондық поштасына үлгі бойынша ӨТІНІМДЕРДІ ҚАБЫЛДАУ 2018 жылғы 7 ақпанда АЯҚТАЛАДЫ.