8 желтоқсан күні Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне және елорданы Астанаға көшірудің 20 жыл толуына орай, «Туған
жерім» XIII Республикалық балалар шығармашылық байқауының «Үздік пастель»номинациясы бойынша жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өткізілді.
Байқауға балалар көркемсурет мектептерінде және өнер мектептерінің көркемсурет бөлімдерінде оқитын, Оқушылар сарайының бейнелеу өнері мен шығармашылық үйірмелерінде айналысатын, 10-16 жас аралығындағы балалар қатысты.Биыл байқау талаптары бойынша қатысушылар пастель техникасындағы жұмыстарды ұсынды.
Пастель жұмыстары бейненің жинақылығы мен ерекше әсемдігін жеткізумен ерекшеленеді. Пастель әркелкі – бұл сангина, соус, түрлі түсті қарындаштар сынды т.с.с. заттармен орындалған жұмыстар.
Байқау нәтижесі бойынша Көкшетау қаласындағы Балалар көркемсурет мектебінің оқушысы Қосан Айым 3 орынға ие болды.