2017 жылғы 24 қараша күні БКМ мұғалімі Булгакова Наталья
Андреевна Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының курс тыңдармандарына «Инклюзивті білім берудегі арттерапияның рөлі» дәрісін оқыды.
Дәріс теориялық жәнетәжірибелік материалдарды құрады.
Наталья Андреевна ерекше білім алу қажеттіліктері бар балалармен жұмыс жасаудағы тәжірибесімен бөлісті. Курс тыңдармандары арт-терапияның заманауи әдістерін тәжірибеде қабылдап, осы тақырып бойынша тәжірибелік тапсырмаларды орындады. Ең соңында дөңгелек үстел өтті, оған РҚББОӘО жетекшісі Р.П.Шер, білім Министрлігінің өкілдері, ерекше білім алу қажеттіліктері бар балаларды оңалту бағдарламасы бойынша жұмыс жасайтын қоғамдық ұйымдардың өкілдері, курс тыңдармандары мен дәріскерлері қатысты. Дөңгелек үстелге қатысқандар пікірлерімен алмасып, осы бағыт бойынша жұмыс жасау туралы ниеттерін білдірді.