Текст
2017 жылғы 29 қараша күні Ақмола облыстық өлкетану мұражайының көрме залында Қазақстан Республикасы Суретшілер Одағының мүшесі Магзумов Дужан Нұроллаұлының жеке көрмесінің ашылу салтанаты өтті. Көрмеде 40 астам кескіндеме мен графика жұмыстары көрсетілді. Шығармашылық жұмыстардың тақырыптамасы автордың туған жерге, оның мәдениетіне деген көзқарасын ұсынады. Көрме қатысушылары жоғары баға берді, олардың ішінде мәдениет қайраткерлері, автордың әріптестері мен оқушылары болды.