Текст
Жылсайын Балалар көркемсурет мектебінің оқушылары Болгарияда өтетін «Новая Загора» көрме-сайысына қатысады. 2017 жылдың 1 маусымында, Новая Загора қаласындағы РУСИ КАРАБИБЕРОВ көркем галереясында 19-шы Халықаралық «Новая Загора 2017» көрмесінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Сайысқа БКМ оқушыларының 15 шығармашылық жұмысы қатысты, оның ішінде Тыркова Верониканың шығармашылық жұмысы көрменің финалына қатысушы болып танылды.