Текст
Кинжалинова Ромина "ЭКСПО-2017" Республикалық шығармашылық байқауында жеңімпаз атанды.
БКМ мұғалімі Письмак Наталия Владимировна жетекшілігімен шығармашылық жұмысты
орындап, 1 орынға ие болды.
Байқау мақсаты – оқушыларға өздерінің зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін жарыстық түрде дамыту және көрсету мүмкіндігін ұсыну, сыныптан тыс және мектептен тыс жұмысты белсендіру.
Қазылар алқасы байқау нәтижесі бойынша жеңімпаздарды анықтайды. Байқау жеңімпаздары I, II, III дәрежелі дипломдармен марапатталады. Жеңімпаздарды (I ДӘРЕЖЕЛІ) дайындаған мұғалімдер педагог-тәлімгер мадақтамасын алды.