20 қаңтар күні Ақмола облыстық өлкетану мұражайында оқушылардың шығармашылық жұмыстарының «Біз әлем үшін қызықпыз, әлем біз үшін қызық» көрмесінің ашылуы өтеді. Көрмедегі суреттердің үлкен бөлігі бітіруші курс оқушылары орындаған, жеке қорытынды дипломдық жобалардан құралған. Ақ-қара және түрлі түсті графика техникасында орындалған жұмыстар қызығушылық танытады. Сондай керемет жұмыстардың авторлары болып екінші және үшінші курс оқушылары саналады. Бірінші және екінші курс оқушылары жасаған, құрғақ киіз басу мен полимерлі саздан мүсін жасау техникасында орындалған жұмыстар арқылы жарқын әрі бейнелі әлем көрсетілген. Сонымен бірге, көрмеге даярлау тобының ең жас оқушылары да қатысады, олар аналарымен бірігіп «Творчество вдвоем» жобасын жүзеге асырды. Көрме ақпанның аяғына дейін көрсетіледі. Балалар шығармашылығын бағалаушыларды көрмені көруге шақырамыз!