Текст
2016 жылдың 6 жұлдызында ҚР Тұңғыш Президентінің Мұражайында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Күнінің 25-жылдығына арналған, XII Республикалық балалар шығармашылығының байқауының «Графика. Линогравюра» номинациясы бойынша «Туған жерім» атты сайысының жеңімпаздарын салтанатты түрде марапттау рәсімі өтті. Сайысқа 378 жұмыс келіп түсті. Олардың ішінен ең үздіктері таңдалды. Сайыс финалына қатысқандардың жұмыстары мұражайдың ауыстырмалы залында көрсетілді. Көкшетау қаласындағы БКМ финалға қатысушысы Муталиева Фатима 3 орынға ие болды. Шығармашылық жұмысының жетекшісі –Максимова Ирина Владимировна.