«Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының Балалар көркемөнер мектебі» МКҚК
ГККП «Детская художественная школа города Кокшетау при отделе образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области»​

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Біз біргеміз" плакаттар көрмесі

23.07.2020

       Балалар көркемсурет мектебінде "Біз біргеміз" көрмесі ашылды.

    Плакат  (plaquer  сөзінен хабарландыру, жарнама) – қысқа, тұжырымды мәтіні бар, көрнекі (көбіне түрлі-түсті) бейнеленген өнер шығармасы. Ол саяси үгіт пен насихат, хабарландыру, жарнама немесе көрнекі оқу құралы мақсатында салынады. Заманауи дизаинда плакат түсінігі «заманауи адамға айқын іс-әрекеттер мен қорытынды шығаруға арналған хабарландырудың нақты визуалды түрі» ретінде қабылданады. Бұл формула белгілі бір графикалық дизаинды анықтап, коммуникация пәні туралы хабарлайды. 

     Жанрдың ерекшеліктеріне келесілер жатады: плакат алыстан байқалу керек, көрерменге түсінікті әрі жеңіл қабылдануы қажет. Плакат жасау барысында көркемдік метафоралар, әр масштабты фигуралар, түрлі уақыт пен жерлерде болатын оқиғалар, заттардың контурлы пішіні қолданылады. Плакат мәтіні үшін шрифт, оның орналасуы, түсі маңызды болып саналады. Плакаттарда сурет мен кескіндеме үйлесіміндегі фотосуреттер кездесуі мүмкін.

    Ақпарат http://www.tanki-media.ru/bp_05_o_tankistah/pages/plakat.html  сайтынан алынды.

Просмотров: 250


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст