Текст
Семей қаласының Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің Цемент кентіндегі филиалында 01 маусым мен 31 шілде аралығында Абай Құнанбайұлы шығармаларын бейнелеу ғаламтор-байқауы өтті. Сайысқа Балалар көркемсурет мектебінің 3 "ә" курсының оқушылары Халелова Аружан (26 қара сөз) және Қалымтай Камилла (10 қара сөз) қатысты. Жетекшілері Н.Қ.Бабасанова. Байқау нәтижелері бойынша олар 15-17 жас санатында 3 орынды иеленді.