Текст
Суретшілер Одағының мүшесі Ю.В.Желобкованың жеке
көрмесі ашылды
2018 жылғы 2 наурыз күні Ақмола облыстық тарихи-өлкетану мұражайында Қазақстан Республикасы Суретшілер Одағының мүшесі, Көкшетау қаласының білім бөлімі жанындағы Балалар көркемсурет мектебінің директоры Желобкова Юлия Владимировнаның жеке көрмесі ашылды. Көрмеде кескіндеменің түрлі жанрында орындалған 22 сурет ұсынылды. Көрменің ашылуы салтанатына автордың достары, әріптестері, оқушылары және заманауи кескіндемені бағалаушы жандар қатысты.