Көкшетау қаласының білім бөлімі жанындағы
«Балалар көркемсурет мектебі» МКҚК
мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметі туралы
2017 жылдың жария талқылау
үшін есебі.
«Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған мемлекеттік органдардың қызметі мемлекеттік қызмет көрсету болып табылады.
Орталық және жергілікті атқарушы органдар ұсынатын мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сыныпталған тізбесі Бірыңғай тізілімді құрайды. 2017 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Балалар көркемсурет мектебі МКҚК 2 қызметті қамтиды:
1. «Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау».
2. «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беру (растау) үшін оларды аттестаттаудан өткізуге құжаттарды қабылдау».
Өткен 2017 жыл кезеңінде «Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік қызметі бойынша 225 қызмет көрсетілді (қағаз түрінде).
Өткен 2017 жыл кезеңінде «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беру (растау) үшін оларды аттестаттаудан өткізуге құжаттарды қабылдау» мемлекеттік қызметі бойынша өтініштер
түскен жоқ.
Есепті кезеңде негізсіз бас тартулар болған жоқ. Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы мен қолжетімділік процесінің мониторингі жүргізіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша шағымдар түскен жоқ.
Халықты ақпараттандыру мақсатында Балалар көркемсурет мектебі МКҚК сайтының оқу жұмысы бөлімінде «Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» білім беру саласында мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары, сонымен бірге мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат мектеп фойесіндегі стендттерде орналастырылған.
Ай сайын Көкшетау қаласының білім бөліміне мемлекеттік қызмет көрсету бойынша есеп ұсынылады.
Мемлекеттік қызмет көрсетуді ұсыну бойынша мерзімдерді бұзушылықтар болған жоқ.
2017.25.04-де БКМ МКҚК-да Көкшетау қаласының әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтерді ұсынуды талдау бөлімінің бас маманы Ж.К.Қажығалиев мемлекеттік қызмет көрсету бойынша тексеріс өткізді. Тексеріс нәтижесінде бұзушылықтар анықталған жоқ.
БКМ-де мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша жұмыс жүргізіледі.
Жауапты тұлғалар мемлекеттік қызмет көрсету саласында біліктіліктерін арттырды.
БКМ директоры Желобкова Ю.В.
Орынд.Письмак
Н.В.
257244