«Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының Балалар көркемөнер мектебі» МКҚК
ГККП «Детская художественная школа города Кокшетау при отделе образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области»​

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ата-аналарға кеңес

14.03.2017

Балаға үй жұмысын орындау үшін қалай көмектесуге болады?

1. Позитивті ойлау жағдайын туғызу – «Үй жұмысын орындау кезінде, сыныптан бөлек, өз бетімен

сабақ орындауға үйренетін жақсы болды. Бұл саған өмірде көмектеседі»; - «Өз

уақытынды жоспарлауды үйренгенін жақсы, бұл саған алдағы өмірде керек болады».

 

2.Жақсы үлгі – жұққыш

Балалар ересек адамдарға еліктеуді жақсы көретіндері мәлім. Баланы үй жұмысын орындауға ынталандырудың жақсы амалы – өз ісіңді сол уақытта жасау. Мысалы, жұмысыңызға қажетті әдебиетті оқу, шоттарды толтыру, үй

жинау, ыдыс-аяқ жуу. Әр жаста адамның өз жауапкершілігі және міндеттері барын балаға айтып аңғарту керек. Егер ана/әке өз міндеттерін орындамаса, атқарған жұмысы үшін ақша алмаушы еді, яғни пәтерде жарық, су, газ сөндіріліп, үйдің іші лас пен қоқысқа тартылса, асүйде жуылмаған ыдыс-аяқ толып кетуші еді. Алға қарай жылжу, әлеуметке лайықты өмір сүру үшін еңбек ету керек. Мэри Поппинстің сөзің есімізге түсірейік: «Только тот, кто делает, свершает».

 

3. Ыңғайлы жұмыс орнын ұйымдастыру

 Ыңғайлы орын - дұрыс отырғызу мен оқуға арналған

керек-жарақтың бары көзқарасымен саналатын орын. Баланың орналасу жері оның

орындап жатқан жұмыс түріне бағынышты болады. Осылайша, жазбаша жұмыстарға

арналған лайықты орын – арнайы парта немесе жазу үстелі.  Балалар және жасөспірімдер гигиенасы мен

денсаулығының теориялық негізіне зор үлес қосқан, профессор С.М.Громбахтың

көрсетуінше, «тірелу нүктесінің жеткілікті саны мен дұрыс отырғызудың бірінші

шартының  бары». Кітап оқу үшін балалар

әлдеқайда ыңғайлы орынды таңдаулары мүмкін: кресло, диван, едендегі кілем үсті.

Бірақ бұл баланың сымбаты, көз бен кітаптың қашықтығына көп көңіл бөлуді қажет

ететін жер. Кез келген жағдайда баланың жұмыс орнын қажетті жарықпен қамтамасыз

етіңіз. Үстелдің терезе жанында тұрғаны жақсы. Күндізгі немесе жасанды жарық

тіке немесе жазатын қолға қарама-қарсы жақтан түсуі қажет.  

 

4.  Оқуға арналған атмосфера жасаңыз

Жұмыс уақытына өлең, теледидарды сөндіріп, өзіңіздің

телефон арқылы сөйлесуіңізбен кедергі жасамаңыз. Кейбір балалар мен үлкендердің

сендіруінше, өлең тапсырманы орындауға көмектеседі. Мүмкін, кейбір жағдайларда

және кейбір оқушылар үшін орынды, бірақ көбінесе шулы фон қарапайым

тапсырмаларды орындауға ғана көмектеседі. Әлдеқайда қиын тапсырмаларды

анағұрылым шоғырлануды, «бэк вокал» жоқ кезді қажет етеді.

 

5. Дербестікке тәрбиелеңіз

Мұғалім рөлін ойнамаңыз, оны шын мұғалім мектепте

орындады. Сіздің міндетіңіз – балаға тапсырманы өздігінен орындауға көмектесу. Сондықтан

бағалап қана қоймай, баланың тіпті мектеп жасына дейін дұрыс дербестікке

талпынысын тәрбиелеңіз. Күнсайын үй тапсырмасына, баланың мектепте алған

біліміне көңіл бөліп, оларды қашан және қалай орындайтындары туралы сөйлесіңіз.

Баланы дұрыс арнаға бағыттап, керек бағыт көрсетіп, аздап итермелеңіз.

Белгіленген нүктеге жеткен соң,  бала

мақтау сөзің естіп, сіздің тарапыныздан қуат алуы керек, өйткені бұл оны жаңа

жеңістерге итермелейді.

 

6. Баланы өз уақытың жоспарлай білуге үйрету

Үй тапсырмасының рөлі балаға көмектесуден ғана тұрмайды,

балаға көмектесу үшін өткенді есте сақтау, өз уақытың жоспарлай білуге және

өздік ұйымдасуға үйрету әлдеқайда жақсырақ. Баламен бірге бір күн мен апта кестесін

жоспарлап құрастырыңыз, оның ішіне жылдам және ұзақ мерзімді үй тапсырмаларын

орындауға, сонымен бірге демалыс, мектеп істерінен бөлек бос уақытқа арналған

уақыт бөліктерін енгізіңіз.

 

7. Баланы мақтаңыз

Тағы да Мэрри Поппинсті еске түсірсек, оның айтуынша «Бір

қасық қант дәріні тәттірек қылады». Үй тапсырмасын тексерген соң, ең алдымен

кеткен қателерге екпін қоймаңыз. Баланың өлеңді мәнерлеп оқығаны, тезарада

елдердің астанасын жаттап алуы, диктантты таза жазғаны туралы айтқаннан соң,

қателерін белгілеңіз. Үй жұмысын дұрыс (уақытылы, өздігінен, зорлықсыз) орындағаны

үшін бірге ойын ойнау, киноға бару немесе үлпілдек печенье пісіру бойынша

шеберлік-сыныбын өткізу уәдесін қарапайым ғана сөздік мадақты кезекпен айтып

отырыңыз. Бірақ асып кетпеңіз, бала Сіз оның еңбегін бағалағаныңызды біліп қана

қоймай, сезінуі қажет, ең алдымен өзінің саулығы үшін, яғни өзі үшін. Жеке

жауапкершілік туралы айтып, балаға үй жұмысы – оның тапсырмасы екендігін

түсіндіріңіз.

 

8. Баланы мектептен келе салып, үй жұмысын орындауға отырғызбаңыз

Бала демалуы керек, бұған қоса бұл демалыс 1-1.5 сағаттан

кем болмай, сосын ғана сабақ жасауға отыруы тиісті.

 

9. Жеңіл тапсырмалардан бастаңыз

Бұл, кез келген баланың қиын тапсырманы орындауға ұзақ

уақыты кететініне байланысты, бала шаршай бастап, өзің нашар оқитын және ештене

білмейтін секілді сезінеді.  Осылайша,

баланың сабақ орындауға ықыласы болмай, өзін-өзі бағалауы төмендеп, эмоциялық

күйі нашарлайды. Сондықтан қарапайымнан, жақсы көретінінен бастаған жөн. Қиын

және ұнатпайтын пәндерден бастаудың қажеті жоқ. Ең алдымен ең сүйікті, сонымен

бірге әлдеқайда жеңіл тапсырмаларымен айналысу қажет. Олай болса, бірінші

пәндерден кейін бала шаршамайды, керісінше – серігіп, «бабын табады». Күрделілік

бірден өсуі керек.

 

10. Жұмыста үзіліс жасаңыз

Тіпті үлкендер жұмыс барысында үзіліс жасайды, әрине,

балаларға бұл әлдеқайда қажет. Үй тапсырмасын орындау жұмысы кезінде

мектептегідей «сабақтар» мен «үзілістер» болады, бірақ «сабақтар» 20-30 минут,

ал «үзілістер» 10 минуттай болуы қажет. Үзіліс кезінде бала демалып, қимылдап,

шырын ішіп немесе алма жеп жүруі тиіс. Бала әлдеқайда үлкен болса, «сабақ»

ұзақтығы арттады.

 

 

11. Баланың шапшандығын сақтау!

Баланы айдату немесе асықтырудың қажеті жоқ – бұл

қызбалық туғызып, балаға үй тапсырмасын орындауға кедергі жасайды. Әр шақыру

сайын көңіл бөлмей, зейінді болу керек, бала тапсырманың өзіңе шоғырланбай,  зейінді болудың амалын ойлап бастаған кезде ой

қызметіне кедергі жасайды. Оның себебі, бала алаңдап бастайды, тапсырманы

түсінуде жүйке жүйесімен ерекшеліктер болуы мүмкін.

 

12. Баламен сөйлесу кезінде сөз сөйлеуіңізден негативті алып тастаңыз!

Негативті бағалау пікіріңіз бала қызметіне дем бермей,

тіпті оның ой қызметін нашарлатады. Егер ата-ана өзінің «бағалы» уақытын балаға

көмектесу үшін зая жібереді деп ойлап, оны балаға үнемі айтып отырса, баланың

олқылық, керексіздік кешенін дамытып, оның өнімді оқуы мен өзін-өзі бағалауын

түсіруге әсер етеді.

 

13. Балаңызды үнемі махаббатыңызбен 

қолдап, оны мақтаңыз және әрекеттерін қостаңыз.

Бұл арқылы бала білімді, өзіңе сенімді болып, оның

отбасыға керектігін және алған бағаларынан бөлек сүйікті екенін түсінеді.

Көптеген ата-аналар балалық шақта естіген мына сөздерді

есіңде сақтаған: нашар оқысаң – аула сыпырушы боласың. Қазір де кейбір

ата-аналар осыны балаларына айтады. Расында, бұл сөзде мән бар. Тек бұл сөзді

соңына дейін, яғни маңғаз лауазымда отырған адамдар  жетекші болып, жақсы жалақы алып, өте қиын

жұмысты өздігінен орындайтынын түсіндіру керек. Ал балалық шақтан бастап

күрделі тапсырмаларды ұнатпай, өздігінен шешуден қорықса (қате болса да!),

есейген шақтағы өмірде қарапайым және арзан ғана орындарда – аула сыпырушы, жүк

тасушы т.с.с болып жұмыс істейді.

 

 

 

Баланы уақытпен шектеу керек пе?

Сабақ орындауды шамадан тыс созуға да болмайтыны әділ,

бұл жағдайда бала шаршайды және үй жұмысын орындап жатқандай ғана түр

көрсетеді. Уақытты шектеу байыппен жасалуы керек: бірінші ауысым үшін шектеуші

фактор – ұйқыға дайындалатын уақыт, кеш; 

екінші ауысым үшін – мектепке жөнелту. Дегенмен, бала шаршамай,  қыдыру үшін өзі тезарада сабақты жазуға

тырысады.  Асыға күткен бостандық пен

қызықты іс – жылдам жұмысқа жақсы ынта.

 

Бағаға деген көзқарас – жеке сөз.  Оларға шырғаланудың

қажеті жоқ, әйтпесе балаға баға мен мұғалімнің жақсы белгісі үшін оқу керек

деген ой келеді. Шын мәнінде, білім алу үшін ғана оқу керек. Жаман баға баланың

тақырыпты игермей, оның ақымақ және қабілетсіз екенін білдірмейді. Бағаның

төмендеуі алынған білімге байланысты емес, басқа себептерден туындауы мүмкін:

жаман жазу, қолмен түзетілген жер, тұтас алғанда шешім жолы табылып тұрып,

тапсырманы шешу кезіндегі асығыс пен алаңғасарлық. Балаңызбен/қызыңызбен әңгімелесіп,

баламен бірге қандай себепке байланысты жаман бағаға түскенін, оны қалай

түзетуге болатынын айқындау керек. Баланың қандай уақытта сабақ жасайтынын

анықтау маңызды. Оларды кешкі уақытқа созудың керегі жоқ: түнгі уақыт – ағзаның

демалу кезеңі, ми үшін айрықша. Бірінші ауысымда оқитын оқушы үшін тиімді уақыт

– мектептен келгеннен кейін бір немесе жарты сағаттан соң. Егер ол үй жұмысы

берілетін, қандай да бір қосымша сабаққа, үйірмеге немесе секцияға, біздің

көркемсурет мектебіне қатысса,  сабақты

әлдеқайда кешірек уақытта орындауға болады. 

Алдымен жалпы білім беретін мектептің барлық тапсырмаларын орындап,

содан соң уақыт тым кеш болмаса, көркемсурет мектебіне арналған нобай мен этюд

жасауға болады. Көптеген балалар кескіндеме немесе суретпен айналасатынын атап

кеткен жөн, сондықтан олар қараңғы түскен уақытқа дейін отырып қалады. Сондай

жағдайда балаға этюдты ертең немесе демалыс күндері орындауға болатыны және

уақытылы демалып, ұйқыны қандырған маңыздырақ екенін түсіндіру керек. Бірақ үй

тапсырмалардың бәрін және уақытылы орындау қажет. Сондықтан ата-аналар бәрін

үлгеру үшін, баламен бірге қандай тапсырманы қай уақытта жасауды жоспарлап, бір

аптаға жұмыс жоспарын құрастырыңыз.  

Балаға өз уақытың ұйымдастыруға көмектесіңіз,  екі мектепте оқыған қиын, бірақ мүмкін! Өз

балаларыңызға өмірде үлкен жетістікке жеткен, ұлы тұлғаларды мысалға

келтіріңіз!

 

Сәттілік, құрметті ата-аналар!



Просмотров: 293


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст