«Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының Балалар көркемөнер мектебі» МКҚК
ГККП «Детская художественная школа города Кокшетау при отделе образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области»​

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

М.Сыдықовтың шығармашылық портреті

27.02.2017

Шығарма-эссе заманауи Қазақстанның мүсіншісі, суретші-кескіндемешінің

шығармашылығына арналып жазылған. Оқырман мақала арқылы, Қазақстан Республикасы

елордасының сәулеттік бейнесін жасаушы, мүсіндік композициялардың авторымен танысады.

Суретші – үйреншікті қалыптағы небір жаңалықты көре алатын,  ғажайып адам.  

Әдеттегі жұмыс кәсібінде өзінің шығармашылық бейімділігін ашу үшін дарынның қаншалықты батылдығы мен күші керек!

Осы мақала оқырманды шырайлы Шымкент тумасы, тамаша суретші және мүсінші Мұрат Сыдықовпен таныстырады.

Қазақстанның заманауи мүсінінде М.Сыдықов бір әлеуметтік мәдени кеңістіктен басқа – біз бен сіздің осы күнгі кеңістігімізге көшу кезеңінде шығармашылығы өркендеген буынына жатады.

Шебердің кәсіби жолы 80-жылдардан басталады. Алматы қаласындағы Ә.Қастеев атындағы училищені тамамдап, М.Сыдықов өзінің шығармашылық жолын Қарағанды қаласындағы өндірістік комбинаттан бастайды.

Ол  сол кезеңдегі марқасқа шеберлермен іргесі тиіп тұрып, 10 метрлі монументті мозаикаларды орындау кезіңде мол тәжірибие мен шеберлікті жинайды.

90-жылдары, тәуелсіз болған Қазақстанда, суретшілерге арналған мемлекеттік тапсырыстар саны азайды, бірақ  тура сол кезде шығармашылық басталып, М.Сыдықов біршама тезарада түрлі деңгейдегі көрмелердің тұрақты қатысушы болып кетеді.    

Сол жылы мүсінші Қазақстан Республикасындағы Суретшілер Одағының монументті кескіндемесі секциясына қабылданды.

1992 жылы Қарағанды қаласында ірі мүсіншілер арасында сайыс өтті, М.Сыдықов  «Ақсақ құлан» мүсінімен

кәсіпқойлар арасында бірінші орынды иеленеді.  Сайыстық жұмысқа жоғары баға берілді. 

Сыдықов Мұрат – дарынды мүсінші ғана емес, оның жұмыстарының ішінде  композициясы

ойластырылып, үйлесімді құрылған, таңғажайып абстракциялық кескіндемелік суреттер көп. Кескіндемешінің суреттері әрдайым фактуралы,  терең бояуларға бай, тіпті қарапайым сюжеттері авторлық күрделілікпен, оның ерекше қабылдаудың призмасы арқылы көрсетілген. Сондайдың мысалы,  қарапайым іспетті «Композиция» (2008), «Город» (2009). Бірақ олардың түсі мен күрделі реңктері қаншалықты!

Ел арасында өнерпаз адамдар туралы «оның қолы алтын» деп айтады, бірақ суретшінің ойынша, бұл түсінік онша дұрыс  емес. «Қол – жай ғана инструмент, шығармашылықтың бастысы – бас. Шығармашылығы және не істеп, не  салатыны жайлы ойламайтындардың қолынан ештеңе шықпайды!».

Әр шығармашылықта ең маңыздысы – даралық! Көпті көрген шебердің артында безендіру қызметіндегі тәжірибесі мол. Шебер 90-жылдардыңmсоңында ұзақ уақыт бойы еліміздің астанасы Еуразия Ұлттық университетінде

суретші болып жұмыс жасады. М.Сыдықовтың өзінің көркемдік монументті көрінісі бар. Ол монументті жұмыс барысында қалақшамен жұмыс жасаған, алғашқыm суретші-монументалистердің бірі.  Оның

мүсіндік туындылары өте ерекше. Олар өзінің кереметтілігі мен жандылығы арқылы таңғалдырады. Жиі-жиі шығыс стилі байқалады. Жұмыстық мүсіндер барлық жағынан айқын, силуэттілік шешілген. 

Автордың туындыларындағы балалық шақ тақырыбы жарқын әрі айқын болып кетті. Пластика пәні ретінде 

бала, оған тән барлық сиқыр болып саналады. Бұл тақырып Мұрат Сыдықовты «Мальчик на кузнечике» мүсінің жасауға жігерлендірді.  

Тақырып таңдауда, мүсін түсіндірмесінде болашақ ұрпаққа арғы ата тәжірибесін жеткізетін, ата-баба, тарих аңыздарына деген айнымас тартылысын көрсетеді.  «Бегім ана» туындысындағы бірқалыпты сызықтар, су ағыны сынды иығына түспейтін, ұзын желпілдек бұрымдар,  нәзік фигурасына қарама-қарсы

елетін мықты жұдырық ерекше шеберлікпен жеткізілген.  

Шебер ой-өрісін үнемі кеңейтіп отыруға дайын, осылайша ол ұзақ айлар бойы Қытайда өмір сүріп, мәдениетпен танысты және халықаралық кәсіби тәжірибие алды.    

Суретші: «Суретші қандай да ұлт өкілі болса да – ол әлемнің атомдық бөлшегі және оның жұмыстарынан туған жері мен аспанының жұпар иісі шығуы керек», - деп айтады.  М.Сыдықовтың айтуынша, Қазақстан жастары  буын тәжірибесін жоғалтпау үшін сақ мәдениетін көптеп зерттеуі қажет.

2011 жылы Мұрат Сыдықовқа жыл Суретшісі атағы берілді, ол  2010 жылдың қазанында Брюсселде орнатылған,

ядролық сынақтардың, экологиялық және техногендік зілзала құрбандары ескерткішінің авторы ретінде Үлкен алтын палитра ескерткіш таңбасының иегері.     

Астана қаласындағы «Арай» саябағына кірер топтың авторларының бірі болып келеді,  «Астаналық» саябағында оның   «Жолда» сәндік мүсінін қызықтауға болады және көптеген басқа тамаша жұмыстар республикамыздың астанасында, Қазақстан қалалары мен алыс шетел замандасын қуантады.

Біздің, жаңа технологияларға толы заманымызда,  адамзат баласы заманмен қатар жүруі керек деп

ойлайды мүсінші және өз жұмыстарында 3D мүсіндерін жасап, графикалық бағдарламаларды қолданады. «Компьютер де инструмент сынды, әлденені икемсіз ойлау шықпайды», деп айтады.

М.Сыдықов өз шығармашылығында идеяны басты деп санайды, бірақ композиция мен түстің маңыздылығы кем емес, өйткені бәрі өзара байланысты, барлығы жинақталған және жұмысқа жанымен берілу кезінде ғана

ғажайып іс жасауға, өзіңе және көрерменге эстетикалық ляззат сыйлауға болады!

 

 

 

 

Просмотров: 516


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст